Әлем

Ресей Ақтауда консулдық ашуды жоспарлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Ақтауда консулдық ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап.

«Консулдық департамент желісі арқылы жаңа бас консулдықтарды ашу арқылы, соның ішінде Ресей азаматтарының туристік ағыны көбейген аймақтарда біздің консулдық қатысуымызды кеңейту мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Сонымен қатар, Ақтау (Қазақстан), Гродно (Беларусь), Канкун (Мексика) және Самарқандта (Өзбекстан) Ресей консулдық бөлімшелерін ашу жоспарлануда», - деді сейсенбіде РФ СІМ консулдық департаментінің директоры Иван Волынкин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Ресейдің Азия, Африка, Латын Америкасы және ең бастысы ТМД елдеріндегі елшіліктерінің штатын түбегейлі арттыру жұмыстары жүргізілуде».