Bugin
Жапон полициясы жабайы маймылдардың адамға шабуылын тоқтату мақсатында транквилизаторлары бар қаруды қолдана бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC News-ке сілтеме жасап.
Соңғы апталарда Ямагучи қаласында жапон макакаларының шабуылынан 42 адам зардап шекті. Оның ішінде балалар мен қарттар да бар.
Жабайы маймылдар адамдарды тістеп, жарақаттайды. Оларды тұзақпен ұстау әрекеттері сәтсіз аяқталып, полиция жануарлардың шабуылын тоқтата алмады.
Адамдар пәтерлерге, үйлерге және мектепке дейінгі мекемелерге приматтардың кіріп кеткені туралы хабарлаған.
Бір кездері маймылдың осал түрі саналып келген жапон макакаларының саны жақында артып кеткен.