Bugin

Тоқаев Грузияның премьер-министрін қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ираклий Гарибашвилиді қарсы алған Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

«Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз - осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыту» , -  деді Мемлекет басшысы.