Қоғам

Алматыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен өртенген. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

“Өрт сөндірушілер “Керемет” тұрғын үй кешені 7 корпус 32 мекен жайы бойынша жұмыс істеуде. 10 қабатты үйде  орналасқан дүкеннің төбесі жанған. Өрт автосаты орналастырылды, оқпандар берілді, газ-түтіннен қорғау қызметі тұрғындарды эвакуациялады”, – деп хабарлады басқармада. 

Зардап шеккендер жоқ.