Қоғам
Батыс Қазақстан облысында ит-мысықты зарарсыздандыруға 10 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бөрлі ауданының ветеринарлық станциясы директорының орынбасары Анар Хайрулиеваның айтуынша, Пугачев ауылдық округіндегі жұмыс ветеринарлық станция есебінен жүргізілген, жануарларды чиптеуге 423 мың теңге жұмсалған. Ал Қарақұдықта иттердің иелері бұл қызметтің ақысын өз қалтасынан төлеген, әр ит үшін чиптеу құны – 1,5 мың теңге.
Анар Хайрулиеваның сөзінше, чиптеу ит иелеріне жануарлар үшін жауапкершілік жүктеу үшін қажет.