Bugin

Назарбаев жайлы тараған түрлі ақпараттарға ресми жауап берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы тараған түрлі ақпараттарға ресми жауап берілді. Бұл туралы оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ», - деп жазды ол Twitter парақшасында.