Әлем

Ким Чен Ын АҚШ-пен әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея әскері КХДР-ға шабуыл жасаса, әскердің «көзін жоятынын» айтты.

«Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен әскери қақтығыс жасау туралы ойласа және әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы бейтараптандыруға немесе жоя алатынына сенсе, олар қателеседі», - деді ол.