Bugin

Алматыда көлік жүргізушісі қызды зорлаушылардан құтқарып қалды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда орын алған зорлау әрекетін тергеп жатыр, деп Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде қыздың зорлаушылардан қашып кеткен видеосы пайда болған еді. Оны өтіп бара жатқан жүргізуші құтқарып қалды.

«Алматы қаласының Полиция департаменті 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші оқиғадан біраз уақыт бұрын спирттік ішімдіктерді ішкен таныстарының бірінен күдіктеніп отыр.. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығының бақылауына алынды.