Bugin

Қытай армиясының басшылығы «соғысқа дайындалуға» шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Халық азаттық армиясының (ҚХА) басшылығы сарбаздарды «соғысқа дайындалуға» шақырды. Бұл туралы Weibo әлеуметтік желісіндегі ҚХР 80-құрама қарулы армиясы парақшасында қысқаша хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соғысқа дайындалыңдар!» деген жазба 12 сағат ішінде 300 мыңнан аса лайк пен 19 000 пікір жинаған. Жазба түсініктемесінде Қытай армиясының өкілдері бұл ҚХА-ның құрылуына 95 жыл толуына орайластырылғанын айтқан.

Басылым мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылары бұл үндеуді қолдап, пікірлер қалдырған: «ҚХА сарбаздары, шайқасыңыздар! Біз сіздерді қолдаймыз, жігіттер».

Қытай армиясының кейбір ардагерлері елге қажет кезде ҚХА-ға оралуға әрқашан дайын екендерін жазған. Ал кейбір қолданушылар Тайвань бұғазының екі жағының тезірек қосылуын тілеген.

Еске салайық, бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескен кезде Қытай сепаратизмге және «Тайвань тәуелсіздігіне», сондай-ақ сыртқы күштердің кез келген араласуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтқаны хабарланған болатын.