Bugin

Мәскеуде білім алған қазақ қызы диплом алу рәсіміне ұлттық киіммен барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде білім алған қазақ қызы диплом алу шарасына өзге түлектерден ерекше образбен барды, деп жазады Bugin.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қолына диплом алған жас маман салтанатты шараның видеосын ТікТок парақшасында жариялады. Бойжеткен Мәскеуде өтетін диплом алу рәсіміне қандай киім киіп баратыны туралы ұзақ ойланғанын жазған.

Бейнежазбадан оның сахнаға ұлттық көйлек пен басына сәукеле тағып шыққанын көруге болады. Жас қыздың бұл образы залда отырғандарды да таң қалдырғанын байқауға болады. Бәрі ду қол шапалақтайды.

Видеоны көрген желі қолданушылары қазақ қызының бұл шешіміне риза болып, оны өз елінің патриотына балады.