Әлем
Жапония халқының көбі бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэнің жерлеу рәсімін мемлекеттік деңгейде өткізуге қарсы. Бұл тұжырым аталған елдің Kyodo бас ақпарат агенттігі жүргізген сауалнама нәтижесінде жасалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, тұрғындардың 53,3 пайызы Синдзо Абэнің жерлеу рәсімін мемлекеттік деңгейде өткізуге қарсы. Ал 45,1 пайызы бұған қолдау көрсеткен. Тағы 61,9 пайыз халық бұл мәселе бойынша Парламентте арнайы тыңдау өткізу қажет деген пікір білдірді.
Айта кетейік, 8 шілдеде Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалып, салдарынан саясаткер көз жұмды.