Bugin

Қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап еткен петиция пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап еткен петиция жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Руслан Жақсылықов министр болғалы бұқаралық ақпарат құралдарының беті жас сарбаздардың қазасы туралы тақырыпқа толып қалды. Сондай-ақ қазақ армиясында бейберекеттік болып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді», - делінген петиция мәтінінде.

Еске салайық, президент қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Мамыр айында генерал-полковник шеніне дейін көтерілді.