Bugin
Әскерде қайтыс болған жас сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу шарасы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«2022 жылдың басында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ә.С.Қалбай қайтыс болды. Бұл ретте, жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтар фактісі бойынша Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді», - деп жауап берді министрлік.
Одан бөлек сарбаз өліміне байланысты аталған әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, биыл 22 сәуірде Әлібек Қалбай Жамбыл облысында Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз көз жұмды.