Әлем
Иран мемлекетінде 5 күннен бері нөсер жауын толассыз жауып, зардабын тигізуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ал, қазақстандық парсытанушы Жәнібек Көпжасар facebook парақшасында Иранда соңғы бес күн бойы тоқтамай жауған нөсер салдарынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеді.
«Иранда соңғы 5 күн бойы нөсер толастамай, сел жүріп жатыр. Тегеранда 7 адам, Захеданда 5 адам өлген. 45 адам із-түссіз жоғалған, іздеп жатыр. Тегеран, Йазд, Систан мен Белужестан, Хормозган, Керман, Фарс, Бушер облыстарында үйлерді су ағызып, ауыл шаруашылығына өте көп шығын келді.
Иранда соңғы бірнеше жыл құрғақшылық болып, бір тамшы жауын тамбай қойған. Ел басшылығы «әйелдер хиджабты дұрыс кимегендіктен, Құдайдың қаһарына ұшырадық» деп әйелдерді хиджабты дұрыс киюге шақырған. Бұл апатты да солай сипаттайды-ау...» - деп жазды ол.