Экономика

Көпбалалы отбасыларға берілетін баспананың бағасы қанша?

Қайырбек Өскенбаев көпбалалы отбасыларға берілетін баспана туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көпбалалы отбасыларға арналған баспана туралы айтты.

Өскенбаевтың айтуынша, министрлік қазір бірнеше тетікті пысықтап жатыр.

"Біз шаршы метрін шамамен 140 мың теңгеден алдық. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында. Алдымен тұрғын үй аумағының параметрлерін белгілеп алғымыз келді. Кейін жергілікті атқарушы органдардан ұсыныстар түсті. Егер біз пәтер бағасын белгілесек, онда олар әкімдіктерге өздері шешім қабылдауға мүмкіндік бермекші", - дейді вице-министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің орынбасары әзірге бұл нақты әрі соңғы шешім емес екенін атап өтті.

"Бұл соңғы шешім емес екенін айтқым келеді. Әйтпесе, қазір мұның бәрі солай болып көрінуі мүмкін", - деп ескертті Өскенбаев.

Сонымен қатар ол көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға арналған бюджеттік кредитке де тоқталды.

"Біз тиісті тетіктерді әзірлеп жатырмыз. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз инвестициялық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Олар жылдық 2 процентпен 20 жылға пәтер сатып алуға мүмкіндік беруге дайын. Біз әлі қарастырамыз – 20 немесе 25 жыл. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бастапқы жарнаға қатысты да бірнеше тетікті қарастырудамыз", - деді вице-министр.

sputniknews.kz