Bugin

КСРО-ның "соңғы чекисі" дүниеден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

КСРО КГБ-сын басқарған соңғы басшы – Вадим Бакатин қайтыс болды. Ресейде тұратын "бұрынғы чекист" 84 жасында көз жұмды. Нақтырақ айтсақ, кеше, 31 шілде күні көз жұмған екен.

Неден қайтыс болғаны белгісіз әзірше. Мәскеудегі Троекуров зиратына жерленбек.

Бакатин 1937 жылы 6 қарашада қазіргі Кемер облысында дүниеге келген. Куйбышев атындағы Новосібір инженерлі құрылыс институтын тәмамдаған, кейін ЦК КПСС жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында білім алған.

1991-1992 жылдары КСРО КГБ-сын басқарған. Бұл – атақты мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің соңғы басшысы болған кез.

Оған дейін Бакатин екі жылдай КСРО Ішкі істер министрлігін басқарған екен. Алайда 1988 жылы қызметінен босатылады. Өйткені КСРО-ның тоқырау жылдарында әр өңірде дүмпу мен наразылық, толқу күшейген кезде, көтерілісті басып-шаншуға батылы бармай, жұмсақтық танытқаны үшін Горбачов оны қызметтен кетірген көрінеді.

Ал 1991 жылы Ресейдің президенттік сайлауына қатысқан. Бірақ 3,42 пайыз өте аз дауыс жинаған.