Bugin

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды. Бұл науқан 1 сәуірден 1 тамызға дейін 4 айға созылған болатын. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 400 мыңға жуық өтініш берген. Бұл жайлы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтініштерді қабылдау рәсімі автоматтандырылды, бірақ ата-аналар құжаттарды дәстүрлі форматта тапсыруға мүмкіндік алды. Биыл өтінімдердің 80% электронды түрде берілді.

"Енді мектептер сапалы дайындыққа және оқу процесін ұйымдастыруға, сынып түгендеуге кіріседі. Жаздың соңғы айын мектептер тиімді пайдаланады", - деп атап өтті білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Қай аймақта бірінші сынып оқушылары көп

Бірінші сынып оқушыларының көпшілігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелді.

Кәрімованың айтуынша, балалардың 70%-тен астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады.