Bugin

Суға батып кеткен аудан әкімінің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында суға батып кеткен Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишовтың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің денесі табылғанын мәлімдеді.

"Бүгін түнде Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Қазір құқық қорғау органдары бұл фактіні тексеріп жатыр", – делінген хабарламада.

Ринат Джанглишов 2021 жылдың ақпанында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол әріптестерінің есінде өз ісінің кәсіби маманы ретінде қалғаны атап өтілді.

"Атырау облысының әкімі және барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – деп хабарлады әкімдік.

Қайғылы оқиға 31 шілдеде күндіз Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған еді. Ринат Джанглишов белгісіз жағдайда Жайық өзеніне батып кетті. Сүңгуірлер оның денесін бір тәулікке жуық іздеді.