Bugin
Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведев Қазақстан атына жолдаған ресми парақшасындағы агрессиялық жазбасын хаккерлік шабуыл нәтижесі деп атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Медведев жариялаған «Вконтактедегі» соңғы хабарлама Әскери – теңіз күштері туралы болған еді. Кеше оның парақшасын бұзып, басқа постты жариялаған адамды әлеуметтік желі әкімшілігі және оған тиесілі адамдар тауып, бұл жағдайды өздері түсіндіреді», - деп хабарлады Медведевтің көмекшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Медведевтің парақшасында ресейлік геноцидке қатысты қазақстандық билікке айып тағылған және Ресейдің КСРО-ны қайта құру жоспарларын жариялаған пост пайда болды. Хабарлама жарияланғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жойылды.