Әлем
Танымал астролог Влад Росс Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық соғысқа дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тамыз айында ол Батыс Украинаға соққы беруі мүмкін.
Сарапшының пікірінше, Путиннің жоғалтатын ештеңесі жоқ, сондықтан ол ядролық соққы жасау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
«Путин қазірдің өзінде ядролық соғысқа дайындалып жатыр және жағдайды жан жақты ойластыруда. Оның өмір сүруіне бірнеше ай қалды. Ол ауырып жатыр. Оны жерде ұстап тұрған ештеңе жоқ. Ол әлем тарихында ядролық қаруды қолданған адам ретінде қалғысы келеді», - деді Влад Росс Главредге берген түсініктемесінде.
Сондай-ақ астролог Путин Украинаның батысындағы қалаларға соққы беретінін, бірақ Киев пен Одесса әлі де қауіпсіз екенін айтты.