Әлем

Қытай армиясы әскери оқу-жаттығуларын бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) 2 тамызда Оңтүстік Қытай теңізінде кезекті әскери жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ECNS агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Теңіз қауіпсіздігі басқармасы 2-6 тамыз аралығында әскери жаттығулар өтетінін, осыған байланысты Оңтүстік Қытай теңізі ауданына, ведомство сайтында координаттары көрсетілген, кемелердің кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.

Жаттығуларға қандай әскер түрлері қатысатыны нақтыланбаған, алайда 2022 жылдың 1 тамызы мен 4 тамызы аралығында әскери оқ-дәрілерді қолдана отырып оқ атылатыны белгілі. 

Сарапшылар Қытай армиясының белсенділігін ҚХАА-ның 95 жылдығын мерекелеумен ғана емес, сонымен қатар АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Азия елдеріне, соның ішінде Тайваньға сапарымен байланыстырады.