Bugin

Жазықсыз адамға қылмысын мойындатпақ болған полицейлер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде полиция қызметкерлерінің ер адамға күш қолданғанын көрсететін видео таралды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Elitar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған видео Түркістан облысы Сауран ауданының полиция бөлімшесінде түсірілген. Қысым көрген ауыл тұрғыны аталған видеоны Ішкі істер министрлігіне арыз жазып, сұрап алған. 

Полицейлерден қорлық көрген ауыл тұрғынының айтуынша, тәртіп сақшылары оны екі қой ұрлады деген күдікпен ұстаған. Бөлімшеге келген соң басына пакет кигізіп, ұра бастайды.

Жәбірленушінің болжамынша, құқыққорғаушылар оған өзі жасамаған кінәсін мойындатуды көздеген. Оқиға 2022 жылдың 8 ақпанында болды. 

Полиция департаментінің мәліметінше, 34 жастағы ауыл тұрғынының қой ұрлығына қатысы жоқтығы дәлелденіп, оған қатысты іс тоқтатылды. Ал жазықсыз адамды азаптағаны үшін бес бірдей полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі таңда бұл іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айналысуда. 

Жәбірленуші антикор қызметкерлерінің бұл істі жүргізгенін қаламайды. Себебі, олар полицейлердің отбасылық жағдайын алға тартып, кешірім беруін талап етіп отыр.