Bugin

Скриптонит Украинаға 20 мың доллар жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында Алматыда концерт берген рэпер Скриптонит Украинаны қолдауда тележүргізуші Маша Ефросинина негізін қалаған «Маша қорына» 20 мың доллар қаражат жіберді, деп жазады Bugin.kz порталы.

Осы уақытқа дейін ол Ресей әскерлерінің Украинаны басып алуына қарсы өз көзқарасын ашық білдірмеген болатын.

Айта кетейік, Скриптониттен түскен қаражат №9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына, Киев аймақтық қиылыс орталығы мен Херсон қалалық балалар мен ересектерге арналған клиникалық ауруханасына дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалды.

Еске салайық, Алматыдағы концертінде рэпер әнін айтпас бұрын Қазақстандағы қаңтардағы наразылық құрбандары мен Ресейдің Украинаға басып кіруі салдарынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен бастады.