Bugin

Болат Назарбаевтың өліміне қатысты тағы бір тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болат Назарбаев атындағы қор «Болат Назарбаев қайтыс болған жоқ, тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған» деп ақпарат шығарды.

«Болат Назарбаев қажетті емдеуден өтіп, тағайындалған медициналық процедураларды алады. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады», - деп хабар таратты қор.

Бұған дейін телеграм-каналдар Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатын. Болат Назарбаев ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы және арбада отырған видеосы тараған еді. Қор басшылығы журналистерді этиканы сақтауға үндеп, Болат Назарбаевтың жеке суреттерін таратпауды сұраған болатын.

Сондай-ақ, бүгін Болат Назарбаевтың туыстары да «Болат Назарбаев тірі, жағдайы жақсарып келеді, елдің өсегі ғой» деп мәлімдеген.

Биыл экс-президенттің інісі 69 жасқа келді.