Қоғам

Полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2 тамыз сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болған.

"Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті 27 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Қаза тапқан инспектор 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.