Әлем

Финляндия мен Швецияның НАТО әскери-саяси блогына кіру туралы өтініші қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ сенатындағы 100 сенатордың 95-і  Финляндия мен Швецияның НАТО әскери-саяси блогына кіру өтінішін қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден Сенаттың, бұл  шешімін құптап, сенаторларға алғыс айтты.

«Бұл тарихи дауыс беру АҚШ-тың НАТО-ға деген тұрақты екіжақты міндеттемесінің және одақтың бүгінгі және ертеңгі сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендігінің маңызды белгісі», - деді Байден Ақ үйдің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Джо Байден Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылуы оның ұжымдық қауіпсіздігін одан әрі нығайтатынын атап өтті.