Bugin

Қытай Тайванға қарай баллистикалық зымыран атты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай армиясы Тайван аралына қарасты жағалауға, теңіз маңына баллистикалық зымырандар тастап, сынақ жүргізді.

Бұл жайлы Тайванның қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қытайлар зымыранды бүгін шамамен сағат 13:56-те атқан. Бомба Тайванның солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысына кеп түскен.

Жіберілген баллистикалық зымыранның аты – "Дэнфун-17" гипердыбысты ракеткасы. Қытай армиясы тайван аралына қарай 11 баллистикалық зымыран жіберген екен. 

Қытайдың Global Times мемлекеттік газетінің жазуынша, қытай армиясы мұндай батыл әлі қауіпті қадамға бірінші рет барып тұрғанға ұқсайды.

Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Тань Кэфэйдің айтуынша, Қытай тәуелсіз территориясын сақтау мен қорғау үшін батыл қорғаныс пен соғысқа көшуге дайын әрі Тайванның бөлініп шығуына үзілді-кесілді қарсы.