Bugin

Ақтаудағы полицейді өлтіру оқиғасының видеосы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-ықшамауданда пышақтап өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастар кездесуінде танысымен жанжалдасып қалған. Ол жанжал кезінде пышағын алып, полицейді мойнынан жаралаған. Полицей ауруханада есін жимастан қаза болды. 

Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттары түсірілген видео тарады. Кадрда жанында тұрған ер адам жәбірленушінің жарасын таңып жатқанын көруге болады. Қайтыс болған полицейдің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы.