Bugin

Түркістанда полиция бөліміндегі азаптау дерегіне қатысты прокуратура пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облыстық прокуратурасының өкілі тұрғынды азаптауға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы OTYRAR басылымына сілтеме жасап.

Прокуратураның Сотта мемлекет мүддесін қорғау және сот актілерін қадағалау департаментінің басшысы Қаныбек Тоқсанбаев азаптау дерегі бойынша айыпталған полицейлер қазір бостандықта екенін айтты. Оларға қатысты бас бостандығын шектемейтін шаралар қабылданған.

Прокуратура өкілінің сөзінше, сотта полицейлер кінәларының дәлелденбеуіне байланысты ақталған. Алайда бұдан кейін прокурорлар істі қайта қарауға қолжеткізген.

"Бас прокуратура бізді қолдап, елдің Жоғарғы сотына негізсіз ақтап алу үкіміне қатысты шағым түсірді. Бұдан кейін Жоғарғы сот үкімді жоққа шығарып, қайта қарауға жіберді", - деді Түркістан облысы прокуратурасының өкілі.