Bugin

Нэнси Пелоси Азияға сапарын аяқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Жапониядан аттанып, Азияға сапарын аяқтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Біздің делегация Жапония парламенті Өкілдер палатасының спикері Хосода Хироюкимен кездесті. Біз ортақ демократиялық құндылықтарымызды, парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтуды және Үнді-Тынық мұхиты аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді талқыладық», - деп жазды Нэнси Пелоси кездесу туралы Twitter-де.

Пелосидің Азияға турнесі Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және Малайзияны қамтыды. Алғашында ол Сингапур мен Малайзияда болған. Осыдан кейін ол Тайваньға ұшып кеткен болатын.