Bugin

Нұрлан Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов «Қазфосфат» ЖШС бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Енді компанияны Евгений Шибанов басқарады.

«Бақылау кеңесінің төрағасы Эдуард Огай бұрынғы бас директор Нұрхан Нұрлановтың еңбегіне жоғары баға берді. Ол кәсіпорынның өндірістік қуаты мен экспорт көлемін арттырып, негізгі жабдықтарды толық жаңғырту және күрделі жөндеу бағдарламаларын жүзеге асырған».

«Қазфосфат» ЖШС-ның жаңа бас директоры Евгений Шибановтың кен өндіру, өнеркәсіп саласында тәжірибесі мол.