Bugin

Желіде оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тарап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарады. Оны блогер Азамат Сарсенбаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады Bugin.kz порталы.

Кадрдан күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады. Кәсіпкер жараланса да, терезеден секіріп қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, өлтірген.

Айта кетейік, Мұсанғалиевті өлтірді деген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.