Bugin

Шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: turkystan.kz

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады.

Құрамамыз еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс. Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.