Bugin
Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап ететін петиция жариялады, деп жазады Bugin.kz порталы.
«ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы - қырық бес жас.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, жасы 26-да, әскерге шақырылу жасы 18-ден 27-ге дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдында өз борышын өтемеді және әскерде қызмет еткен жоқ. ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан ҚР Конституциясының 36-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес Мәди Абылайұлы Ахметовті әскерге шақыруды талап етеміз», - делінген петиция мәтінінде.