Bugin

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда кәсіпкерді өлтіргенді деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ІІМ өкілдері іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында екенін айтты. 

«Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», - деді ІІМ өкілдері.

БҚО ПД мәліметінше, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп - жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал», - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.