Bugin
Алматы әкімі автобуста әйелді бұрынғы күйеуінің шабуылынан құтқарған жігітті марапаттады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қала басшысы Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті. Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті», - делінген хабарламада.
23 жастағы Райымбек Медетбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Меде» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ-де жұмыс істейді.
«Толқыдым. Не дегенмен қала әкімімен кездесу. Маған бағалы сыйлық бергенде, таңғалдым, күтпеген едім. Маған макбук-про (Apple MacBook Pro ноутбугы – еск.) сыйлады», - деді Медетбек.