Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Президенттің еңбек демалысына шыққаны туралы 2 тамызда белгілі болған еді.