Bugin

Тоқаевтың тапсырмасы: Енді министрлер халықпен бетпе-бет кездеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу кестесі бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жаңа пішінге сәйкес кездесулер «жүзбе-жүз, ашық тілдесу» түрінде өткізіледі.

Отырыста пермьер-министр өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде министрлердің азаматтарды жеке қабылдап, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездескенін айтты.

«Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек. Адамдарды күнделікті проблемалар алаңдатады. Тек осындай кездесуде ғана халық тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Олардың біреуі де қараусыз қалмауы тиіс. Халық өздері көтерген мәселелердің нақты шешім тауып жатқанын көруі керек», –  деді ол.

Оның айтуынша, халықпен кездесуден соң барлық деңгейдегі әкімдер проблемалық мәселелерді бір жүйеге келтіреді. Ал оларды қаржыландыру мүмкіндіктері мәслихат сессияларында қаралады.