Bugin

Қаңтар оқиғасына қатысқан 23 адамды үтікпен азаптау фактісі дәлелденді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғандағы полиция ғимаратында қаңтар оқиғасына қатысқан 23 адамды үтікпен азаптау фактісі дәлелденді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтікпен күйдіріп азаптау дерегі бойынша тергеу амалдарын аяқтады. Нәтижесінде Талдықорғанда 7-17 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа полиция қызметкерлерінің азаптау шараларын қолданғаны дәлелденді», - делінген сейсенбі күні тараған хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы (азаптау) бойынша бес полицей күдікті деп танылды, оның ішінде үш Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, Әкімшілік полиция басқармасының бір инспекторы және СОБР бір қызметкері.

«4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. Азаптауды қолданудың басқа да фактілері бойынша тергеу аяқталуға жақын», - деп қосты Бас прокуратура.