Тоқаевқа қастандық жасамақ болған күдіктіге қатысты тың дерек пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасамақ болған күдіктінің аты-жөнін атап, оның қандай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

«Ұлттық қауіпсіздік қызметі Аян Атығаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-тармағы мен 255-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуде», — делінген ресми жауап хатта.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-тармағында белгілі бір қылмысқа дайындалу көрсетілсе, 255-бабының 4 тармағында қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдеріне қабылдауына ықпал ету және басқа лаңкестік әрекеттермен ұштасқан адам өміріне қол сұғу әрекеті қарастырылған.

Аталған баптарға сәйкес айыпты азаматқа дүние-мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе аталған шараны қолданбастан, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

ҰҚК тұтқынға алынған күдіктіге қатысты басқа мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты берген жоқ.

Бұған дейін Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетел агенті желіде жасырын хабар қалдырғаны жайлы жазылған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61