Bugin
Павлодардағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрды. 9 тамызда полицияға бір әйел хабарласып, ол Павлодардың №4 балабақшасында қызын ұрғанын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бұл факт тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан видеоматериалдарды зерттеп жатыр», - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.