Bugin
Ұлттық статистика агенттігінің бюросы елімізде орташа жалақының өскенін мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Қазақстанда екінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24 пайызды, ал нақты мәнде 8,9 пайызды құрайды. Бұл ретте, жалақының медианалық мәні жалақы диапазонының орталық деңгейі – бағалау бойынша екінші тоқсанда 196 728 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Қызылорда облысында – 31,3 пайызды құрады. Ең аз өсім Нұр-Сұлтан қаласында -14,2%.
«Орташа айлық жалақы кәсіпорындардың тоқсан сайынғы есеп беруі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдарды ескере отырып қалыптастырылады.
Медиандық жалақы есептелген жалақы сомасы бойынша қызметкерлер санына және оны екі тең бөлікке төмен және жоғары жалақымен бөліп есептеледі», – деді Ұлттық статистика бюросының Еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.