Bugin

Бибісара Асаубаева команданың жарысқа дайындығына реніш білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орын алған болатын. Команда мүшесі Бибісара Асаубаева Instagram желісіндегі парақшасында сайыс туралы ойын айтып, команданың жарысқа дайындығына ренішін білдірді, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Олимпиада бітті. Мен оған алғаш рет қатыстым. Сондықтан Олимпиада туралы өз ойымды айтуды жөн көрдім.

Жалғыз ойнаған кезде тәуекелге бару әркімнің өз еркінде. Алайда командалық ойында жеңілмеу керек. 11 турдың бәріне қатыстым. Соның біреуінде де жеңілмедім. Маған 11 тур бойы ойнау оңай болған жоқ. Өйткені дене қызуым 39° еді. Сол қызумен қатарынан 3 күн ойнадым...» – деп жазды Асаубаева.

Пікірді толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыз.