Әлем
Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили «Вивамед» емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог Отар Тоидзе мәлім етті, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Бір айға жуық уақыт бойы біз оған бармадық. Оның қазіргі жағдайын БАҚ беттерінен және дәрігерлермен қысқаша әңгімеден ғана білеміз. Менің Михаил Саакашвилиге барған бірінші және соңғы сапарым арасында айырмашылық бар. Ол ешқашан сөйлеуден, жүруден қиналмаған адам. Қазір жағдайы ауыр. Сондықтан объективті баға беріп, қорытынды жазу үшін барып қалатын шығармыз. Ол өлім аузында жатыр», - деді невропатолог.