Әлем

Ресей Солтүстік Кореядан қару-жарақ сұрауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы соғыста қару-жарақ және адам саны жағынан көп шығынға ұшырап жатқан Ресей Солтүстік Кореядан әскери көмек сұрай бастады. Бұл туралы Bugin.kz порталы «The Moskow Times» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин Ираннан беспилотниктер сатып алу жөнінде келісімге келгеннен кейін Солтүстік Кореяға да сауын салып, қару-жарақ сұрауға кірісті. Алайда, АҚШ билігі таратқан осы мәліметті Иран жағы жоққа шығарып отыр.

«Bloomberg» басылымының хабарлауынша, әңгіме КХДР-дың артиллериясы жөнінде болып отырған көрінеді. Оның үстіне, Солтүстік Корея «ЛХР» және «ДХР» деген өздерін-өзі республика деп жариялаған құрылымдардың тәуелсіздігін мойындаған.

Мамандар Солтүстік Кореяның алысқа ататын артиллерияларының Ресейдің қаруынан әлдеқайда күшті екенін айтады.