Bugin
Атырауда Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатып жатқан компания өкілінен пара алды деген күдікпен ұсталған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен сыбайластарының соты басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Процесс Атырау қалалық N2 сотында өтіп жатыр.
Бақытгүл Хаменовамен бірге айыпталушылар орындығында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов бар. Екі шенеунік пара алғаны үшін сотталып жатса, Адамов пара бергені үшін істі болды.