Bugin
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп жазады Bugin.kz порталы.
Бұдан бұрын Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік.
Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.
Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.
Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.
Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.