Әлем

Ким Чен Ын елінің коронавирусты жеңгенін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын КХДР коронавирус індетін жеңгенін жария етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ресми орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, КХДР басшысы бұл мәлімдемені бір күн бұрын өзі төрағалық еткен эпидемияға қарсы шаралар жөніндегі ұлттық жиналыс кезінде жасады.

«Ол елге енген жаңа коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша эпидемияға қарсы төтенше науқандағы жеңісін салтанатты түрде жариялады», - делінген хабарламада.

Пхеньян екі жылдан астам уақыт бойы инфекция тіркелмегенін мәлімдегеннен кейін 12 мамырда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталып, бүкіл ел бойынша карантин енгізілген болатын. Солтүстік Кореяда тәуліктік инфекция жұқтыру деңгейі 15 мамырда 392 920-ға жетіп, кейіннен 29 шілдеде нөлге түсті.