Bugin
10 тамызда ЕуроАзиялық ынтымақтастық Қаржы-бизнес қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысында Бақытжан Сағынтаев қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.
ЕуроАзиялық ынтымақтастық Қаржы-бизнес қауымдастығы – қоғамдық үкіметтік емес ұйым. Еуразияның 26 еліндегі кәсіпкерлердің қаржы-банк және іскерлік одақтарын, комммерциялық ұйымдар мен банктерді, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің басын біріктіреді.