Bugin
Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгиромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі», -делінген хабарламада.
12 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: күндіз 12 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
«Күндіз 12 тамызда Батыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарда.
12 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 12 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с.
«12 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
12 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі.
«12 тамызда күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік жартысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.